«Сандар археологиясы»: Алматыда халықаралық ғылыми конференция ашылды
«Сандар археологиясы: Шумер және арифметиканың бастаулары».
Алматыда осындай атаумен халықаралық ғылыми конференция ашылды. ЮНЕСКО жанындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы ұйымдастырған шара барысында отандық және шетелдік ғалымдардың жазба таңба – иероглиф және оның атаулары бойынша жүргізген зерттеулерінің нәтижелері талқыланды.
«Мұндай басқосулар алғашқы жазбалардың шығу тегін түсінуге, сондай-ақ ерте заманда жүріп өткен жолдарға белгі қалдырған адамзат ойының тарихын ашуға көмектеседі», - дейді қатысушылар.
Ерден Қажыбек, филология ғылымдарының докторы, профессор:
- Сандардың үш мың жылдық тарихының зерттелуі арқасында біздің ең көне төркініміз адамзаттың тұтас екендігін, бір екендігін, бір-біріне жақын екендігінің шындығын ашуға арналған. Және осы сандар археологиясы үлкен құбылыстың феноменінің ЮНЕСКО-ның қорғалатын мәдени қорына енгізу жөнінде айтылып отыр.