Дәрігерлер ісік аурының адам ағзасында дамуын түрлі себеппен байланыстырады. Бірі тұқым қуалайды десе, енді біреулер тамақ және экологиямен байланысты деп топшылайды. Шайкен Тәттім болса оны клеткалық деңгейде зерттеген әлемдегі санаулы адамдардың бірі. Клетканың өзі көзге көрінбейтін ұсақ ағза. Ғалым соны 40 жыл зерттеу арқылы оның цитоплазмасын екі бөлек фазаға бөлуге болатынын анықтаған.
Шайкен Тәттім, зерттеуші профессор:
- Рак клеткасы әдеттегі клеткаға қарағанда әлдеқайда белсенді. Сондықтан оларға көбірек энергия, яғни қоректік зат қажет. Рак әдетте бірнеше кезең арқылы дамиды. Егер осы кезеңдердің бірін тоқтатар болсақ, біз ісік ауруының даму жолын жабамыз. Ал клетканың ішкі құрылымы күрделі және бір мезетте оларда миллиондаған химиялық процесс жүреді. Оның қалай жүзеге асатыны құпия болатын. Біз соның сырын аштық.
Әлем ғалымдары үшін бұл өте маңызды жаңалық. Ол қатерлі ісікпен қатар өзге де аурулардың туындау себептерін зерттеуде.
Меруерт Құрманбаева, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ факультет деканы:
- Бұл жаңалықтың ерекшелігі – ісік клеткаларының қалай пайда болып тәжірибе түрінде зерттеу. Қазір бәрі дәрімен емдейді. Бұл кісі цитоматрицаны зерттеудің өзекті екенін дәлелдеп отыр. Яғни кез келген клеткада энергия болады. Күш арқылы клетка өзінің жұмысын жүргізеді. Осы қозғалтқыш цитоматрица істен шықса, ауруға ұшырайды. Өмірін тоқтатады десек болады.
Марғұлан Ибраимов, Әл-Фараб атындағы ҚАЗҰУ басқарма мүшесі:
- Былтыр ҚазҰУ-дың базасында профессор Тәттім Шәйкенмен бірігіп зерттеу орталығы ашылған болатын. Рак ауруының алдыңғы бастапқы дәрежесінде зерттеу арқылы, химиялық, биологиялық, физикалық әсер ету арқылы осы емдеу әдістерін зерттеу болып табылады. Осы бағытта біз бірнеше докторанттарды дайындап бастадық және ғылыми жарияланымдар шығып жатыр. Және де қазіргі таңда осы лабараторияны жабдықтау болып табылады.
Айта кетейік, Шайкен Тәттім осы жаңалығы үшін патент алған. Енді клиникалық сынақтар өткізу жоспарлануда.
Ердәулет Ыбырайұлы