Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығы басталды

  • 11
  • 04.08.2025, 18:36

Елімізде туғанына 6 ай тола қоймаған нәрестелердің 71 проценті ана сүтімен қоректенеді. Енді осы межені 85 пайызға жеткізу керек.

Қазір екі жасқа дейінгі 400 мыңға жуық балаға ата-анасы қосымша тамақ береді. Бұл - сәбидің денсаулығы мен өсуі қалыпты болу үшін қажетті амал. Дегенмен баланың иммунитетін күшейтіп, инфекциялық ауруларды жұқтыру қаупін төмендететін және интеллектуалды дамуына көмектесетін бірден-бір азық – ана сүті. Ал бала емізетін аналардың сүт және аналық безі обыры секілді ауруларға шалдығу қаупі төмен.