Бастапқы медициналық көмекке қаржыны көбірек бөлу керек. Бұл туралы елордада ашылған денсаулық сақтау басшыларының форумында айтылды. Халықаралық тәжірибеде алғашқы медициналық көмекке, яғни емханалар мен амбулаторияға аса көңіл бөлген жағдайда ауруды асқындырып, ауруханаға түсу жағдайы сиреген. Сондықтан дәрігерлер бюджеттен бөлінетін қаржының кемі жартысын осы салаға бөлу керек деген ұсыныс айтып отыр. Еске салайық, қазір елде бастапқы медициналық санитарлық көмекке жылына 700 млрд теңгеге дейін ақша бөлінеді.
Қуаныш Ерғалиев, «Қазақстан денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығы» РҚБ төрағасы: -Алғашқы көмек көрсету деңгейіне қаржының көбірек бөлінуі, 50-60% деңгейінен көбірек бөлу бұл әрине, халықтың денсаулығына әсер ететін болады және де аурудың алдын алуға өте үлкен бір қолдау деп есептеледі.