ДСМ тексерісінен кейін 247 емдеу кабинеті жабылды

  • 5
  • 21.11.2025, 19:41

Денсаулық сақтау министрлігінің тексерісінен кейін 247 емдеу кабинеті жабылды. Жалпы тексеру барысында талапты бұзған немесе құжаттары дұрыс емес 406 кабинет анықталды. Бірқатарында лицензия болмаса кейбірі тазалық ережесін сақталмаған. Бірқатарында білікті маман және шұғыл көмек қобдишасы болмаған. Қазір мұндай тексеріс бүкіл Қазақстан бойынша жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 84 емдеу кабинетінде жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Жалпы 122 хаттама толтырылып, 15 млн теңгеден астам айыппұл салынды. 

Айгүл Ысқақова, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің басқарма басшысы: 

-Кабинетті ұйымдастырған кезде жедел жәрдем көрсету укладкалары дайын болу керек. Ол жерде қажетті дәрілер болуы өте қажет. Себебі науқастар өз дәрі-дәрмектерімен келген күнде оның аллергиясы бар ма, жоқ па, проба жасалып, оны бірінші рет алып тұр ма анализін жинап, науқастардың қауіпсіздігін арттыру маңында медициналық қызметкерлер біліктілігімен дайын болу керек.