Астанада екі науқасқа мәйіт донорынан бүйрек трансплантациясы жасалды

  • 8
  • 25.11.2025, 19:52

Астанада Ұлттық ғылыми онкология орталығында екі науқасқа мәйіт донорынан бүйрек трансплантациясы жасалды. Бүйрек алған пациенттердің бірі донорды 5 жыл күтсе, екіншісі 1,5 жыл кезекте тұрған. Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде екеуінің де жағдайы тұрақты, трансплантацияланған бүйректердің функциясы қанағаттанарлық. Олар өздеріне екінші өмір сыйлаған донордың туған-туыс, жақындарына алғысын жеткізді. 

Ұлдана Жолдыбай, емделуші:

-Мошенник па деп ойлап қалдық. Себебі таңғы сағат 5-6-да хабар келді, мәйіттік донор табылды, келіңіздер деп. Сол таңғы 6-дан арпалыспен кешкі сағат 10-да операцияға жаттым ғой сол күні. Басымызды иіп тұрып рақмет айтамыз. Бізге екінші өмір, екінші жарық сыйлады. Бұл деген үлкен бақыт.