Ақтөбе облысының Бегалы ауылында қайтарылған активтер есебінен жаңа медициналық пункт ашылды. 132 миллион теңгеге салынған нысанның 65 миллионы арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген. 150 шаршы метрлік медпункт бір ауысымда 25 адамды қабылдай алады. Жалпы ел бойынша арнаулы мемлекеттік қордан денсаулық сақтау инфрақұрылымына 144 миллиард теңгеден астам қаражат бағытталған. Бұл ауылдық аймақтарда жаңа медпункттер, ауданаралық ауруханалар салып, медициналық қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік берді.
Жұлдыз Сабырова, дәрігер:
- Заманауи талапқа сай барлық медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл медициналық пунктте алғашқы көмек көрсету, профилактикалық екпелер, жүкті әйелдер және балаларға арналған алғашқы медициналық көмектер көрсетіледі.