Елде алғаш рет өкпеге жаңа әдіспен операция жасалды

  • 7
  • 08.05.2026, 19:59

Оның ерекшелігі кеуде қуысының аз зақымдануында. Науқас та тез аяққа тұрады. Өкпесінде туберкулемасы бар 19 жастағы жігіт операциядан кейін денсаулығы қалыпқа келіп, қазір ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. Алматылық хирургтар енді бұл әдісті еліміздің басқа аймақтарындағы мамандарға да үйретеді.

Жасұлан Ахметұлы, ҚР Ұлттық Фтизиопульмонология ғылыми орталығы хирургия бөлімінің меңгерушісі:

-Бұл отаны жасау үшін хирург біріншіден стандартный үш порттық, екі порттық және бір порттық видоеторокоскопия толық меңгеруі қажет. Сол кезде бұл отаны жасау ыңғайлы және оңайырақ болады. Бір порттан жасалатын операциялар оларда негізінен сол жиырма бес пен қырық бес минуттың арасында жасалынады. Ол енді хирургтың қолына байланысты.

Алмагүл Қауышева, ҚР Ұлттық Фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының орынбасары:

-Бұл ота үлкен шеберлік пен тәжірибені талап етеді. Хирургтың қимылы дәл, әрі үйлесімді болуы керек. Себебі ота кішкентай тілік арқылы жасалады. Сондықтан дәрігер мұқият жұмыс істеуі қажет.