Ақтөбе облыстық көпсалалы балалар ауруханасы жанындағы кардиохирургия бөлімшесі биыл үлкен орталыққа айналады. Онда науқастарға операция жасайтын білікті мамандар тартылмақ. Ал орталыққа қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға, бюджеттен 600 млн теңге бөлінген. Айта кету керек, былтыр Ақтөбе дәрігерлері жүрек-қан тамырлары дертіне шалдыққан 150 балаға ота жасады.
Әнуар Досмағамбетов, облыстық көпсалалы балалар ауруханасы кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі:
- Биыл біз қан айналдыру аппаратын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Ультрадыбысты диагностика машиналары, дерттің түрін дәл анықтауға мүмкіндік беретін техника қажет. Тынысы тарылған нәрестелерді емдеуге арналған аппараттарды да сатып аламыз.