Хабар телеарнасы

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында мыңнан астам ағаш отырғызылды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Алматы облысының Жамбыл ауданында мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды.

Өңірлік табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырған іс-шараға аудан тұрғындары мен жастар және мемлекеттік мекеме қызметкерлері атсалысты. Эконауқан басталғалы бері 30 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылып, 79 мың көшет отырғызылған.

Жәңгір Қарашұлы, қала тұрғыны: 

- Бүгінгі акцияға 50-ден аса жас маман қатысып отырмыз. Тазалығымыз өзімізге жақсы. Осылай ағаш егіп, жыл сайын өркендетіп тұрсақ. Сондықтан осы акцияға белсене қатысып жатқан жайымыз бар.