Жаңа Салық кодексі 2026 жылдың басында күшіне енеді

  • 13
  • 14.08.2025, 18:37

Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қазірден бастап халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кезекті көшпелі семинар Көкшетауда өтті. Құжатқа енгізілген өзгеріс көп. Мәселен, енді салық есептілігі 30%-ға қысқарады. Жеке табыс салығы және қосылған құн салығын есептеу бойынша да талап өзгерді. Мамандар қарапайым халық пен бизнес қауымдастықтарына осындай жаңашылдықтарды түсіндіріп жатыр. 

Айнұр Сартаева, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ҚҚС Әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары:   

- Мұндағы басты мақсат – келесі жылдан бастап енгізілетін кейбір бағдарламалық өзгерістерге дайындық жасау. Қазірден бастап салықтық есеп жүргізу тәртібіне енгізілетін өзгерістерді түсіндіріп жатырмыз. Салық кодексіне көптеген өзгерістер енгізілді. Оның ішінде жеке табыс салығы, корпоративтік табыс салығы және қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша салық мөлшерлемелері өзгерді. Бұл – негізгі салық түрлеріне қатысты маңызды өзгерістер.