Қазақстанның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі ТМД елдері арасында көш бастады.
Мұндай деректі Халықаралық валюта қоры жариялады. Қордың мәліметтеріне сүйенсек, еліміздің жалпы ішкі өнім көлемі жан басына шаққанда 14,77 мың долларға жеткен. Одан кейінгі орында 14,26 мың доллармен Ресей тұр. Үшінші орынға Түркменстан жайғасқан: 13,34 мың доллар. Салыстырмалы түрде айта кетейік, көрші Қытайдың өзінде қазір жалпы ішкі өнім 13,69 мың доллар. Ал Грузияда бұл көрсеткіш 9,57 мың доллар шамасында болса, Арменияда 8,86 мың, ал Әзербайжанда 7,6 мың доллар. «Қазақстан экономикасының аймақта көш бастауына табиғи байлықпен қатар сырттан инвестиция тарту да сеп болып отыр», - дейді сарапшылар.