Мемлекет басшысы Үкіметке елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуді одан әрі арттыруды тапсырды. Экономикалық өсу, көлік-логистикалық, энергетикалық және цифрлық инфрақұрылымды дамытуды жүктеді. Елдің инфрақұрылымдық қаңқасын нығайту жолында «Самұрық-Қазына» қоры маңызды рөлге ие. Сондықтан компания барлық күш-жігерін экономикалық өсімді арттыруға жұмылдыруы керек.
Бұл туралы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің отырысында айтылды. Премьер-министр Олжас Бектенов «Барлық жауапты мемлекеттік орган, оның ішінде қор басшылығы мен топтың компаниялары ауқымды жұмысқа дереу кірісуі керек», - деді.
«Самұрық-Қазына» соңғы үш жылда жалпы құны 3,3 трлн теңге болатын 35-тен астам инвестициялық жобаны іске асырған. Биыл дәл осы сомаға 16 инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланған.