Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Құрылтайда өнеркәсіпті қолдау шаралары мен бюджет жобасы талқыланды

  • 2
  • 23.11.2026, 18:03

Енді жаңа өндіріс орындарын ашу кезінде нарықтағы сұраныс пен өңірлердің ерекшелігі ескеріледі. Сонымен қатар ірі кәсіпорындардың отандық жеткізушілермен жұмыс істеуіне қойылатын талаптар күшейтіледі. Бұл туралы Құрылтайдағы Үкімет сағатында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді. Өнеркәсіп соңғы 3 жылда 14 пайызға өсіп, 3 триллион теңге инвестиция тартылғанын да айтты. Жыл басынан бері өңдеуші сектордағы өсім 9,3 пайызға жеткен.

Үкімет сағатында отандық өндірісті қолдау және импортқа тәуелділікті азайту тетіктері талқыланды. Былтырдан бері отандық өндірушілермен 2 жарым мыңнан астам ұзақ мерзімді, 707 кепілді офтейк келісімдер жасалған. Мемлекеттік сатып алуда отандық өнімге басымдық беріліп, 89 мың келісімшарт жасалды.

«Бәйтерек» ұлттық холдингі арқылы жыл басынан бері 9 триллион теңгеге жуық қаражат еліміздің өндірушілеріне бағытталған. Аталған қолдау шаралары мемлекеттің қаржысы есебінен іске асатын қадамдар десек, бюджеттің өз жағдайы қалай деген мәселенің де басын шалуымыз керек болады. Осы тұста тарихтағы бір оқиға ойға оралады. 1909 жылы Ұлыбританияның сол кездегі қаржы министрі Дэвид Ллойд Джордж «Халықтық бюджет» жобасын ұсынып, «бұл бюджет және оның атауы – браво» деген еді. Ол құжатты қаржылық есеп емес, кедейшілікке қарсы ашылған «соғыс бюджеті» деп айдарлаған. Содан бері ғасырдан астам уақыт өтті. Бірақ бюджетке қойылатын басты талап өзгерген жоқ. Ол халықтың әл-ауқатын жақсарту. Біздің елдің бюджеті де осы мақсатқа сай қайта қаралып жатыр. Мемлекет басшысының қазандағы Жолдауынан кейін Құрылтай депутаттары 2027–2029 жылдарға арналған бюджет жобасына түзетулер енгізіп, үшінші оқылымда мақұлдады.