Қазақстанда таңбаланған зергерлік бұйымдарды ЕЭО аумағында еркін сатуға болады
Жаңа нормаларға сай экспортқа шығарылған әшекейлерді қосымша таңбалау қажет емес, ал бұл қазақстандық тауар өндірушілердің қаражатын үнемдейді. Сонымен қатар құжат аясында одаққа мүше елдер нарықты сапасыз шикізат өнімінен қорғап, жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Бүгін қабылданған заңдар ТМД және ЕЭАО шеңберінде мемлекетаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға арналған, олар азаматтарымыздың құқықтарын қорғауды күшейтуге ТМД деңгейінде мемлекетаралық стандарттау жүйесін тиімді пайдалануға, сонымен қатар ЕАЭО мүше елдерде бағалы металдар мен қымбат тастар нарығын дамытуға мүмкіндік береді.