Енді Құрылтай сайлауына әзірлік барысына тоқталсақ. Жетісу облысында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары ұйымдастырылып жатыр. Кезекті жиын сұрақ-жауап форматында өтті. Қатысушыларға сайлау заңнамасының негізгі талаптары түсіндірілді. Мұндай оқыту шаралары бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен ұйымдастырылуда. Жалпы Құрылтай сайлауында Жетісу облысында 468 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Азамат Айманақұмов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
-Сайлау комиссияларының оқыту мәселесі, олардың сайлау заңдарын білу туралы білім деңгейі және учаскелік комиссияларының құрылымдарының дайындық мәселесі, оның ішінде инклюзивті орта қалыптастыру мәселесі осының бәрі инспекциялық тексеру аясында қадағаланады.