«Байтақ» партиясы Алматы облысындағы ЖЭО-3 ұжымымен кездесті

  • 6
  • 10.08.2026, 18:11

Қалдықты қайта өңдеп, оны жаңа ресурсқа айналдыру қажет. «Байтақ» партиясының өкілдері Алматы облысындағы 3-ші жылу электр орталығы ұжымымен кездесуде осы мәселені көтерді. Олар циркулярлы экономиканы дамытуға басымдық беруді ұсынды. Бұл табиғи ресурстарды үнемдеуге және қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді. Кездесуде жылу энергетикасын жаңғырту мәселесі де талқыланды. Зиянды шығарындыларды қысқарту және ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ станция қызметкерлері әлеуметтік мәселелерді көтеріп, сауалдарын қойды.

Ержан Жарылқасын, «Байтақ» партиясының мүшесі:

-Жиында көп жастар болды. Жастарды мазалайтын сұрақтар көп екен, әсіресе осы экология жағында. Өте қуанышты нәрсе. Себебі болашақ жастарамыздың қолында. Ең басты сұрақ АЭС туралы болды. Одан кейін қазіргі ТЭЦ көмірмен істейді, соны газға ауыстыру да талқыланды.