HALYK BANK Ташкентте өткен бірінші халықаралық инвестициялық форумға қатысты
Ауқымды іскерлік шараға әлемнің 56 елінен 2 мыңға жуық делегат келді. Олардың басым көпшілігі инвесторлар мен жоғарғы лауазымды тұлғалар.
Екі күндік форумға қазақстандық кәсіпкерлер де қатысқан болатын. Күн тәртібінде көптеген өзекті мәселелер қаралды.
Ташкенттегі халықаралық инвестициялық форум шымылдығын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёв ашып берді. Форумның негізгі міндеті – халықаралық экономикалық ынтымақтастықты арттыру. Сондай-ақ бизнес аясын кеңейтуге мүдделі шетелдік инвесторлармен қаржы ұйымдарын көптеп тартуға бағытталған болатын. Өзбекстанның қаржы нарығын дамытуға және оның дүниежүлік нарыққа шығуына арналған сессияларының бірінде Үміт Шаяхметова HALYK BANK тәжірибесімен бөлісті.
Үміт Шаяхметова, HALYK BANK АҚ басқарма төрағасы:
- Дүниежүзілік капитал нарығына шығу компанияның қаржылық дамуының ең жоғары деңгейі, эмитенттен халықаралық стандарттарға сәйкес ішкі процедураларды құруды талап етеді. Бүгінгі таңда акцияларымыздың 30%-ға жуығы Лондон қор биржасында листингтен өтті. Банктің инвесторлары қатарында АҚШ, Шығыс және Батыс Еуропа, Азия елдерінің ірі инвестициялық қорлары, сондай-ақ қазақстандық инвесторлар бар.
Сонымен қатар HALYK BANK басшысы Өзбекстанның банк секторының қазіргі жағдайына және республиканың қаржы нарығын қамтамасыз ету үшін назар аударуды қажет ететін шараларға тоқталды. Осы орайда бірінші кезекте ашықтық пен ел ішінде қаржы инфрқұрымлымын құру маңызды екенін атап өтті.
Үміт Шаяхметова, HALYK BANK АҚ басқарма төрағасы:
- Өзбекстанның капитал нарығын дамыту үшін ел ішінде жеке инфроқұрылым қажет. Бұл дегеніңіз – реттеуші база, биржалық алаң, орталық депозитарий, сондай-ақ қатысушыларының транспоренттілігі бойынша жұмыс істеу. Жергілікті инвесторлардың базасын дамыту, аудит жүргізу және расталған рейтингтерге ие болу.
Форум барысында халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамытып, Өзбекстан мен өзге де елдердің іскерлері арасында тікелей байланыс орнату мақсатында пленарлық отырыстардан бөлек, салалық кездесулер өтті.
Авторы: Жандос Айтбайұлы