Жамбыл облысында карантин шарттары күшейтілді

Zhambyl oblysy karantin
  • 2550
  • 05.04.2020, 10:20

Бір тәулік ішінде 17 адамның жұқтырғаны белгіленді. Оларға сырттан келген және байланыста болған адамдардан тараған. Науқастар жабық жұқпалы аурулар стационарына орналастырылды.

Қордай ауданының аумағында 6 сәуірден бастап ерекше шарттармен карантин режимі жарияланады. Ауданда инфекция жұқтырған 3 адам тіркелген, олардың екеуі карантиндік стационарда анықталған, біреуі Қостанай ‒ Алматы пойызымен келген.

Ауданда олармен байланыста болған барлық азаматты анықтау және оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ пациенттердің тұрғылықты жерін және олардың болған жерлерін зарарсыздандыру шаралары қолға алынған.

Карантин шараларының күшейтілуіне байланысты Қордай ауданының шекара маңындағы өткізу пункттері арқылы Қазақстанға кірген барлық азамат карантиндік стационарға жатқызылады.