Бас мүфти: Адам қайтыс болғаннан кейінгі ас беру дәстүрлерін кейінге қалдыруға болады

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы брифингте айтып берді. «Адам қайтыс болғаннан кейін өткізілетін дәстүрлер бар: жетісін беру, қырқын беру, жылын беру. Бұл – шариғаттың бекіткен міндетті құлшылығы емес, сауапты іс-шаралар. Төтенше жағдай кезінде шариғатта мұндай шараларды кейінге қалдыруға рұқсат етіледі. Яғни төтенше жағдай аяқталғаннан кейін ас беру рәсімдерін өткізуге толық болады», – деді бас мүфти Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.