Бұдан соң болашақ фельдшерлер алған білімдерін тәжірибеде шыңдау үшін ауруханаларға практикаға жіберіледі. Кейін тіпті коронавирус індетіне қарсы күреске де жұмылдыруы мүмкін. Себебі өңірде кадр тапшылығы бар. Нақтырақ айтсақ облысқа 200-ден астам маман жетіспейді.
Жалпы қауіпті індетті жұқтырып алғандарды емдеу үшін 920 төсек-орын жасақталған. Өткен тәулікте солтүстікте 34 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырды.
Мамандардың айтуы бойынша, қазір 10 науқастың жағдайы ауыр.
Еркебұлан Баязитов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:
– Кадрлық тапшылық бар, әрине. Екінші-үшінші жылдағы резиденттерді тарту жоспарланып отыр. 50-ден астам резидент тартылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ ведомстводан тыс 40 медициналық қызметтер тартылады деп ойлаймыз. Соның ішінде 20-сы – дәрігер, 20-сы – орта буынды қызметкерлер.