Террорлық қауіптің деңгейлері нені білдіреді?
«Сары» – растауды талап ететін лаңкестік әрекет жасалу мүмкіндігі туралы ақпарат болған жағдайда;
«Қызғылт-сары» – лаңкестік әрекет жасалу мүмкіндігі туралы расталған ақпарат бар жағдайда;
«Қызыл» – лаңкестік әрекет жасалғандығы туралы ақпарат және оның қайталануы мүмкін екендігін растайтын мәлімет болғанда енгізіледі.
Ал лаңкестік қауіптіліктің «қызыл деңгейінде» қабылданатын шаралар:
- адамдарды құтқару мен мүлікті қорғау бойынша шұғыл шаралар қабылдау;
- мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерін төтенше жағдай режиміне көшіру;
- көшірілген адамдарды уақытша орналастыру;
- бекеттерін құру құтқару қызметтерінің үздіксіз жұмысына жағдай жасау.
Айта кетейік, қазір Қазақстан бойынша террорлық қауіптіліктің «қызыл деңгейі» жарияланған.