Елорда төріндегі осы шаңырақта студенттердің «Үміт» театр фестивалі шымылдығын түрді. Еліміздің әр өңірінен келген 11 шығармашылық ұжым өздерінің үздік қойылымдарын ұсынып, өзара бақ сынаспақ. Студенттер арасында бастау алған театр бәйгесі 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайтын болады. Биыл екінші рет өтіп жатқан бұл өнер жарысы университеттер арасындағы ынтымақтастықты арттырып, жастардың дарынын ұштамақ.
Кенжеғали Мыржықбаев, ҚР Еңбек сіңірген артисі:-«Үміт» фестивальінің мақсаты – студент жастардың рухани дамып, шығармашылығын арттыру. Оның үстіне мына әуесқой болса да театр өнерін дамыту. Жан-жақтан келген студенттер бір-бірлерінің өнерлерін көреді. Сондықтан бұл үлкен мереке. Біз мұны ары қарай жалғастырамыз деп ойлаймын.