Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайы сатылған жоқ

  • 928
  • 13.02.2023, 18:12

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты осылай деп мәлімдеме жасады. Айтуларынша, әуежай терминалы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның, ал ұшу-қону жолағы Азаматтық авиация комитетінің теңгерімінде. Терминал «Орал халықаралық әуежайы» серіктестігіне 3 жылға сенімгерлік басқаруға берілген. Ал жақында сол ұйымның 49% үлесін ресейлік компания сатып алған. «Серіктестік ішіндегі ауыс-түйістер сенімгерлік басқару тәртібіне әсер етпейді», - дейді шенеуніктер.