Жайық жұрты Алаш қайраткері Тұрсынғали Қатауовты еске алды

  • 862
  • 31.05.2023, 18:15

Батыс Қазақстан облысының, Қаратөбе ауылында Алаш қайраткері Тұрсынғали Қатауовты еске алу кеші болды.

Жұртшылық алдымен қазақ ағартушыларының рухына құран бағыштады. Кейін Алаш және тарихи-өлкетану музейінде болып, құнды жәдігерлермен танысты. Тұрсынғали Қатауов ұлт зиялыларының идеясы мен шығармаларын жастар арасында кеңірек дәріптеп, талай рет саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. Ағарту саласына қосқан үлесі зор. Жаладан ақталып шыққан соң, оған «КСРО оқу-ағарту ісінің озық қызметкері» атағы мен «Құрмет белгісі» берілген. Еске алу шарасында көрнекті қайраткердің ұлы мен зиялы қауым өкілдері оның еңбек жолы жөнінде сыр шертті.

Дәметкен Сүлейменова, алаштанушы: 
- Он жылдан астам уақытын қапас түрмеде өткізіп, кейіннен елге келіп, осы елдің білім саласын көтеремін деп қызмет еткен аялаулы ағамыз. Тарихта ештеңені жасыруға немесе өшіруге болмайды.​ Қаратөбе ауданында өтіп жатқан іс шара қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған үлкен бір ізгілікті іс деп ойлаймын.