Хабар телеарнасы

Қазақстандықтар балық өнімін неліктен аз тұтынады?

Қазақстандықтар балық және балық өнімдерін аз тұтынады. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінен-ақ байқауға болады. Сарапшылардың пайымынша, бір адам жылына кем дегенде 16 келі балық жеу керек болса, бізде бұл көрсеткіш 4 есе төмен. Көршілес елдермен салыстырсақ, тіпті  5-10 есе аз. Десек те елде қазір балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Ендеше халық бұл пайдалы өнімді неге аз тұтынады? Балықтың бағасы халыққа қолжетімді ме?

Балықтың пайдасын білмейтін адам кемде-кем. Жеңсік астың құрамы минералдар мен дәрумендерге бай. Дәрігер  Назерке Нұрмұхамбетова алдына келген ересектерге де, балаларға да бұл өнімді барынша жиі тұтынуға кеңес береді. Оның  денсаулыққа тигізер оң әсері орасан, ал сыр мен сымбатты сақтаудағы орны тіпті бөлек-дейді ол.

Назерке Нұрмұхамбетова, терапевт:

- Сорпасын ішсеңіздер сіздерге ол коллаген қызметін атқарады Терінің жұқа,жылтырап тұруы үшін әртүрлі әжімдердің болмауы үшін,тырнақ шаштардың түпсеуі  және де балық ішінде витамен мен минералдар бар,қандай витаминдер десеңіз ол Д3,витамин А,В12 витаминдердің көзі болып табылады.

Терапевт тізіп тұрған балықтың бүкіл қасиетін тұрғындар жақсы біледі. Бірақ шарықтап тұрған бағаны көріп, одан бас тартатындар көп.

- Балықты көп алмаймын, аз қолданам.

- Негізі баға өсіп жатыр, баға қымбаттау болып тұр қарапайым халыққа енді қиындау.

- Біз енді жиі жеуге тырысамыз, бірақ та бағасы қымбаттау қызыл балықты да жеуге тырысамыз: форель, семга.

Қызыл балықты өсіру үшін қыруар  қаржы әрі ұзақ уақыт керек. Өлкеде осы кәсіпті дөңгелетіп жүргендердің бірі - Вячеслав Асанов осылай дейді. Уылдырықты да, жемді де шет елден алдырады.

Вячеслав Асанов, Бахтах шаруашылығының жетекшісі:

- Қызыл балық қазір көп болғанмен, бәрібір халық ала бермейді, қымбатсынады. Дегенмен байқап қарасақ, оның құны етпен бірдей. Әрине дүкен иелері үстіне баға қосып үстемелеп сататын шығар. Бірақ бізде бір келісі 3500 теңге. Мемлекетік қолдау көрсетіледі, субсидия аламыз. Сондықтан балықтың  бағасын өсірмеуге тырысамыз.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Балықтың қарапайым ас мәзірі қатарына енуі де, бағасының қолжетімді болуы да оны өсіру процесіне байланысты. Міне мына мен тұрған цехта уылдырықтан бастап өсіріледі. Шабаққа  айналған соң мына ьассейндерге жіберіледі. Тек аман есен шыққандары 3-4 келіге жетеді. Осының бәріне 3 жылдай уақыт керек.

Шет елден әкелінетін шабақтар мен балықтың жемі үшін мемлекет субсидияны аяп жатқан жоқ. 2023 жылы 200 миллион теңге бөлсе, былтыр бұл көрсеткіш 2 есе  артты.

Мерхат Әміров, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

- Себебі шет елден енгізіледі, сондықтан бұл жем қымбат, болып есептеледі соған субсидия көп бөлінеді, және екіншіден балық шабақтарына балық шабақтарын алып келу, көбіне шет елден әкелінеді. Әйтепесе шығындар көп болған сайын оның бағасы да қымбатай береді ғой.

Болашақта қызыл балыққа қажетті жем өз елімізде өндірілуі де мүмкін. Ал бұл өнім бағасына әсер етері хақ.

Авторлар: Эльмира Ахметова. Жігер Бабаханов.