Қызылорда облысындағы егін алқаптарын сумен қамтуға Үкіметтен 1 миллиард теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Аймақтағы сала мамандары бұл қаржыға 53 жылжымалы дизельді сорғы стансасын сатып алуды жоспарлап отыр. Жаңа жабдықтар 6 мыңнан астам гектар жерді суаруға мүмкіндік береді. Қазір өңірде 126 мыңнан астам гектар жерге суармалы егін егілген. Оның 82 мың гектары күрішке тиесілі. Бүгінде жергілікті атқарушы орган Қазсушардың облыстағы филиалымен бірлесіп, 5 магистраль мен үш шаруашылық аралығындағы арналарға су беру кестесін бекітті.