Бүгін елде тазы мен төбет күні. Былтыр дәл осы күні Халықаралық кинология одағы тазыны ресми түрде Қазақстан тұқымы ретінде мойындады. Ал таяуда Финляндияда өткен дүниежүзілік көрмеде құмай тазы әлемнің түкпір-түкпірінен жеткізілген 25 мың иттің арасынан суырылып шығып, топ жарды. Әлемдік додада 8 тазы - басты 7 жүлдені жеңіп алды. Осылай ұлтымыздың жеті қазынасының бірі құмай тазы өзін әлемге тағы дәлелдеді.
Тамаш Яккель, Халықаралық кинология федерациясының президенті:
- Мен қазақтың тазы тұқымын тарихқа енгізгім келеді. Бұл итті өзінің ұлттық мақтанышы ретінде танитын жандарға алғысымды білдіремін. Көрмеде түрлі иттерді мұқият бақыладық. Соның ішінде тазының сұлулығы, мінезі, адамдармен ерекше байланысы мені тәнті етті.