Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды

  • 11
  • 18.09.2025, 19:30

Салтанатты іс-шараға VIII съезд делегаттары қатысты.

Айта кетейік, оның  іргетасын 2022 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысушылары қалаған болатын. Олардың қатарында Рим Папасы Франциск, әл-Азхардың Жоғарғы имамы шейх Ахмад ат-Тайеб және өзге де беделді тұлғалар болды. Саябақ Қазақстандағы түрлі конфессиялар арасындағы достық пен бірліктің жарқын үлгісіне айналды. Сондай-ақ съез аясында жас діни лидерлердің II форумы өтті. Оған жас діни көшбасшылармен қатар әлем бойынша іргелі жастар қозғалыстарының өкілдері, ғалымдар, мәдениет және коммуникация салаласының сарапшылары қатысты. Іс-шарада қазіргі таңдағы өзекті проблемаларды шешу жолдары талқыланды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы:

- Қазір біз бұрын-сонды болмаған қайшылықтардың күрделі дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Адамзат өзекті проблемаларды шешу бойынша жаңа идеялар мен тың тәсілдерге мұқтаж. Осы орайда жас көшбасшыларға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бұл жолда тек ашықтық, адалдық және сенімге негізделген диалог арқылы көздеген мақсатқа қол жеткізуге болады. Өзара сенім болмаса, берік халықаралық тұрақтылық орнату мүмкін емес.