Еңбек ресурстарын дамыту орталығының директоры Ернат Жүнісов осылай дейді. Сөзінше, жасанды интеллект мамандықтарды жоймайды. Дегенмен олардың мазмұнын толық өзгертеді. Бұрын қолдан жасалған жұмыс автоматтандырылады. Сондықтан кәсіби стандартқа жаңа құзірет енгізіліп жатыр.
Бүгінде сұранысы жоғары 8 мыңға жуық мамандықтың шамамен 60%-ы кәсіби стандартпен қамтылды. Олардың негізінде 11 мыңнан астам білім беру бағдарламасы өзектендірілді.
Ернат Жүнісов, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының директоры:
- Қосымша білім беру дейміз, мен айтып жатқан сертификаттау саласын дамыту қажет. Бұл жасанды интеллектіні тереңдетіп қайта үйренбей-ақ, қысқа курстар арқылы оқып, оны тікелей жұмысына енгізуге мүмкіндік береді. Жалпы әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, болашақта қазіргі жұмыс істеп жүрген мамандардың 50 пайызы қайта даярлауды қажет етеді.