Жетісу облысындағы ауылдарды ауызсумен қамтуға арнаулы мемлекеттік қордан 480 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражат Алакөл ауданының Қоңыр ауылында ұзындығы 17 шақырым су желісін және Қаратал ауданының Ұмтыл ауылында 4,8 шақырым су құбырын тартуға бағытталады. Нәтижесінде мыңнан астам ауыл тұрғыны таза ауызсумен қамтылады. Биыл облыста сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту бойынша 18 жоба жүзеге асырылып жатыр. Жыл соңына дейін орталықтандырылған ауызсу желісіне қосылған ауылдардың үлесі 100% жетіп, 329 ауылдың 697 мың тұрғынды қамтиды.