Қарағанды облысындағы ауылдарда инженерлік инфрақұрылым жаңартылды

  • 37
  • 21.10.2025, 19:40

Сонымен қатар бес шалғай елді мекенге су тазарту станциялары орнатылды. Ал Дубовка ауылында кәріз жүйесі жаңартылды.

Бұл туралы Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың Қарағанды облысы Абай ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде айтылды. Жиында Мемлекет басшысының Жолдауында міндеттелген басымдықтар талқыланды. Кездесуде сөз алғандар аудан орталығы Абай қаласы мен ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамытудағы оң өзгерістерді атап өтті. Көптеген жобалар халықтың өтініші бойынша жүзеге асқан.

Мәлік Отарбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі:

- Біз Абай ауданындағы бірнеше нысанды араладық. Жолдар жөнделіп, инфрақұрылым жақсарған. Жүйелі жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде ауданда кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салалары қарқынды дамып келеді. Өндірілетін өнім көлемі артқан.