Қазақстанда жыл сайын кем дегенде 80 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан қайтыс болады. Ал полицияға 100 мыңнан астам шағым түседі. Ал Мемлекет басшысының бастамасымен әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауға бағытталған заң бірқатар маңызды мәселені шешуге мүмкіндік берді. Елордада қалалық мәслихат депутаттары, AMANAT партиясының өкілдері, Үкімет мүшелері, сарапшылар мен қоғам белсенділері осы заңның аясын одан әрі қалай кеңейтуге болатынын талқылады.
Сұлтан Қанатұлы, «Істегі әкелер» қоғамдық қоры жетекшісінің орынбасары, заңгер:
-Дөңгелек үстелде еліміздегі зорлық-зомбылықтың яғни әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты қалай азайтамыз. Яғни соны талқыға салып, тиісті құзырлы органдарға, Парламентке қарауға жіберіледі.