Жамбыл облысы Полиция департаменті Тараз қаласының тұрғыны Нұркен Омаровты 13 жастағы қыздың ұрлауына жол бермегені үшін марапаттады. Департамент басшысы Қайсар Сұлтанбаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың атынан алғысын білдіріп, оның әрекетін батылдық пен жоғары жауапкершіліктің үлгісі деп бағалады. Еске сала кетейік, жуырда ғана екі белгісіз адам қоғамдық көлік аялдамасында тұрған жасөспірімді автокөлікке күштеп отырғызбақ болған. Алайда жағдайды байқаған Нұркен Омаров қызға араша түсіп, қылмыстың жолын кесті. Күдіктілер жедел түрде ұсталып, сотқа дейінгі тергеу басталды.