Көктемге қарай киім жаңарту, үйге техника сатып алу, сыйлық таңдау және көптен бергі армандарды жүзеге асыру. Мұның бәрі Kaspi Жұма кезінде орындалды. 12-15 ақпан аралығында қазақстандықтар Kaspi.kz-пен серіктес дүкендерінде тиімді сауда жасады.
Қазақстандық Qazaq Soul ұлттық бұйымдар бренді Kaspi Жұма аясында Asyl премиум топтамасын ұсынды. Бұл табиғи былғарыдан жасалған, авторлық өрнегі бар сөмкелер, клатчтар, әмияндар және өзге де аксессуарлар. Аталған бұйымдарда заманауи стиль мен ұлттық мәдениет нәзік үйлесім табады. Алғаш қарағанда қарапайым көрінетін заттар мен дәстүрлі ою-өрнектер жаңа мазмұнға ие болып, ерекше сипатта ұсынылған.
Динара Бектемір, Qazaq soul сату бөлімінің басшысы:
-Kaspi-мен 4 жылдан бері жұмыс жасап келеміз. Осы уақыт аралығында бізге Kaspi-дің берген мүмкіншіліктері біздің компаниямыздың өсуі үшін өте үлкен болды. Kaspi дүкеніміздің көрсеткіші біздің онлайн дүкеніміздің 50-60% дейін жетті. Kaspi.kz -те қазір Алипэй бар ғой, басқа ел азаматтары бізде Алипэй арқылы төлейді және бұл бізге өте жақсы әсерін берді. Кез келген қарапайым адам үшін де, бизнес үшін де өте ыңғайлы шешім.
Kaspi.kz серіктес дүкендерінде сатып алушылар саны Kaspi Жұма басталмай тұрып-ақ көбейеді. Тұтынушылар алдын ала қарап, салыстырып, ал сатып алу мерекесі күндері ең тиімді бағамен, жеңілдіктермен және жоғары бонустармен сатып алу үшін қайта келеді.
Гүлнұр Тұрсынқанова, French House және Beautymania дүкендер желісінің продакшн-менеджері:
-Kaspi Жұма кезінде бізге келетін қонақтар саны екі есеге артады. Біз үшін бұл мереке. Бір чекпен сатылатын тауар саны да көбейеді. Кейбір адамдар көтерме түрде алады, енді біреулері бірнеше хош иіс алады немесе бір желімен шыққан күтім мен сәндік косметиканы түгел сатып алады. Менің ойымша, бұл Kaspi-мен өте тиімді әрі өзара пайдалы серіктестік. Клиенттер тиімді шарттарға ие болады, ал ритейл өседі.
Бұл жолғы Kaspi Жұмада жеңілдіктер 50% дейін жетті. Қазақстандықтарға жоғары бонустар мен бірегей ұсыныстар жасалды.
Динара Бекбатырова, сатып алушы:
-Жалпы баршаға Kaspi Жұма қызметін пайдалануды ұсынамын, өйткені бұл өте тиімді. Меніңше бұл тамаша қаржылық шешім. Мысалы, біз қазір жөндеу жасап жатырмыз, басынан аяғына дейін бәрі қажет. Бүгін біз кір жуғыш машина мен кептіргіш алдық, тағы да пісіру панелі бар.
Kaspi Жұма қазақстандық курорттар үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады. Қонақтар арасында өзге өңірлерден келушілер саны артып келеді.
Еркеғали Серікжан, Almaty Resort басқарушы директоры:
-Kaspi Тravel-ға бірге жұмыс істей бастағалы сұраныс көбейді, қонақтар көбейді. Және географияға көз жүгіртетін болсақ Астана, Шымкент, облыстардан қонақтардың көбейгені, анық мәлімделіп жатыр. Жұмыс барысын өте жеңілдетіп, ең бастысы қонақтарға жеңілдік сыйлап жатыр. Ол ішкі туризмді дамытуға ықпал береді.
Kaspi Жеткізу курьерлері еліміздің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған мекенжайға барады. Kaspi Жұма кезінде жұмыс күні ертерек басталады. Жеткізу қызметтері қосымша мамандар тартып, логистиканы мұқият жоспарлайды.
Жахангер Сапаралиев, сатып алушы:
-Kaspi Жұма басталғанын естіп жүрдім. Өзіме арналған мопед электромопедімді алып алдым. Жұмысыма, үйіме барып келгеніме оңай. Қазір жеткізіп берді. Сапасы да, келуі де тез болды. Өзіме-өзім сыйлық жасап жатырмын, алдымыз Ораза болғаны үшін. Kaspi.kz-ке рахмет.
Клиенттерге ыңғайлы болу үшін бүкіл еліміз бойынша 10 мыңнан астам постамат орнатылған.
Айбек Оразақын, Irbis logistics курьері:
-Жалпы товардың 60%-ін осы постаматқа заказ береді. Бұл курьерларға да ыңғайлы, экологияға жақсы, курьерлар ары-бері жүрмейді, үйге тасымайды. Барлық затты осы постоматқа тасиды. Kaspi Жұма емес күндері 20 постоматқа барсам, Kaspi Жұма күндері 35-40 постоматқа барамын.
Kaspi Жұманың әсері өте ауқымды. Кәсіпкерлер үшін сатылым көлемінің артуымен қатар, жаңа клиенттер тарту, өздерін жарнамалап, бизнесті кеңейту мүмкіндігі бар. Ал сатып алушылар тұрмыстық мәселелерді шешіп, жақындарын қуантады.
Дана Әлиева, Құдайберген Аймырзаұлы