Ләззат Қалтаева БҰҰ комитетіне сайланды

  • 7
  • 10.06.2026, 19:36

Қоғам қайраткері Ләззат Қалтаева БҰҰ Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі болып сайланды. Оның кандидатурасын 157 мемлекет қолдаған. Бұл ең үлкен көрсеткіш. Комитет құрамына Армения, Бенин, Иордания, Қытай, Литва, Палау, Самоа және Эфиопия өкілдері де сайланды. Ұйым конвенция талаптары мемлекеттерде қаншалықты орындалып жатқанын бақылайтын тәуелсіз сарапшылық құрылым қызметін атқарады.

Ләззат Қалтаева − инклюзияны дамыту және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласында еліміздегі танымал қоғам қайраткері. Ол 20 жылдан астам уақыт бойы «Шырақ» мүгедегтігі бар әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігін басқарған.