Алматы – Бішкек автожолын кеңейту басталды

  • 68
  • 20.07.2026, 18:57

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы – Бішкек автожолын кеңейту жобасы басталды. Бұл бағытта тәулігіне 70 мыңнан астам автокөлік қатынайды. Төрт жолақты жолдың мұндай қарқынды өткізуге қабілеті жеткіліксіз. Сондықтан оның 19–27 шақырым аралығын қайта жаңғырту және кеңейту қолға алынды. Жоба аясында ол енді сегіз жолақты болады. Сонымен қатар екі жолайрық, тоғыз жерүсті жүргіншілер өткелі салынады. Жол бойына тротуарлар мен заманауи сыртқы жарықтандыру жүйесі орнатылады.