Орталық сайлау комиссиясы «Ауыл» партиясының тізімін тіркеді. Саяси ұйым 69 адамды ұсынған. Олардың қатарында әйелдер, жастар және мүгедектігі бар азаматтар бар. Яғни заңнамада белгіленген квота талаптары толық сақталған.
Бұдан өзге, Орталық сайлау комиссиясы шетел байқаушыларын аккредиттеу мәселесін қарады. Белгілі болғандай, бүгінгі күні 86 халықаралық байқаушы тіркелген.
Жиын соңында тиісті қаулылар қабылданды.