Алматы облысында Құрылтай сайлауы күні 683 учаске ашылады. Сайлау барысын түрлі деңгейдегі комиссиялардың 4 мың 727 мүшесі қамтамасыз етеді. Қазір комиссия мүшелері, саяси партиялардың өкілдері мен журналистер арнайы семинарға қатысып жатыр. Мамандар қатысушыларға сайлау заңнамасындағы өзгерістерді, сайлауалды үгіт жүргізу ережелерін және сенімді өкілдерді тіркеу тәртібін түсіндірді. Заң талаптарын бұзғандарға қатысты жауапкершілік мәселесіне көңіл бөлінеді.
Мейрамгүл Аитова, Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Енді осы өзіміздің жұмыс кестемізге сәйкес, жоспарланған бұқаралық ақпарат құралдарымен оқыту семинарын жүргізу өтті. Оқыту семинарына облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары мен аудандағы аудандық газеттер өкілдері қатысты. Қазір енді осы 30-ға жуық адам қатысты. Семинар пайдалы болды деген сенімдемін.