Үкімет басшысы жаңа министрлерді таныстырды

  • 25
  • 03.09.2026, 19:31

Үкімет басшысы үш министрліктің ұжымдарына жаңадан тағайыналған басшыларын таныстырды. Олжас Бектенов олардың біліктілігі, еңбек жолына тоқталып, алда тұрған міндеттеріне тоқталды.

Экология және табиғи ресурстар саласында бұған дейін қолға алынған жобалары ерекше бақылауда болады. Төтенше жағдайлар министрлігіне азаматтық қорғаныс жүйесінің тиімділігін арттыру, табиғи және техногендік апаттарға ден қою деңгейін күшейту тапсырылды. Ал Мәдениет және ақпарат министрлігі алдында азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды дамыту, жастар мен отбасы саясатын жетілдіру міндеттері тұр. Сондай-ақ этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуда маңызды бағыттардың бірі.