Елорда келбеті жаңарады

  • 5
  • 21.09.2026, 18:35

Елордадағы құрылыс жобаларын сараптау сатысына жасанды интеллект құралдары енгізіледі. Қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі мәлімдеді. Жыл басынан жоспарлау, жобалау және құрылыс процестеріне цифрлық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін бірыңғай құрылыс порталы қолданысқа енгізілді. Сондай-ақ, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы күшейтілді. Астанадағы Урбанистика орталығының тәжірибесін басқа өңірлерде кеңейту мақсатында облыстарда урбанистика саласында салалық ұйымдар құрылып, жұмыс істеуде. Әкімдіктер 2026-2027 жылдарға арналған қалалық кеңістікті дамытуға заманауи тәсілдерді енгізуді, қолайлы орта құруды және қалалардың келбетін жақсартуды көздейтін жол карталарын бекітті. Сонымен қатар, жаңа Құрылыс кодексінде елді-мекендердің сәулеттік келбетін қалыптастырудың міндетті құралы ретінде дизайн-код бекітілді.