Су үнемделетін алқаптар көлемі үш есеге жуық өсті

  • 5
  • 21.09.2026, 18:37

Елде су үнемдеу технологияларын қолдану аумағы үш есе ұлғайды. Қазір 702 мың гектарда заманауи суару жүйелерін пайдаланады. Бұл суармалы жердің 36 пайызы. Биыл 160 мың гектарға жуық алқапта су үнемдеу технологиялары енгізілді. Оның шамамен 50 мың гектары Түркістан облысына тиесілі. Тамшылатып суарылатын жер көлемі де алты есе өсіп, 254 мың гектардан асты. Ал жаңбырлатып суару алқабы 379 мың гектарға жетті. 2030 жылға қарай жыл сайын 2,2 млрд текше метр суды үнемдеу жоспарланып отыр.

Талғат Момышев, ҚР СУ ресурстары және ирригация вице-министрі:

- Фермерлерге берілетін қолдау да көбейді. Жабдық сатып алу және орнату шығындарын өтеуді 50 пайыздан 80 пайызға дейін өсті. Су ағысында берілетін субсидия 80 пайызға дейін жетті. 2026-2028 жылдарға осы бағыт бойынша 214 млрд қаражат қарастырылған. Бұл өткен 3 жылмен салыстырғанда 4 есе өсті.