Премьер-министр 3 өңір әкіміне жылу беру мәселесін тікелей бақылауға алуды тапсырды. Оның айтуынша, бірқатар қала Энергетика министрлігі мен Үкіметтің ерекше бақылауында тұр. Өткен аптада Сәтбаев қаласында жылу магистралін жаңғырту толық аяқталды. Қазіргі уақытта желіні тазалау және қысыммен сынау жұмыстары жүргізілуде. Энергетика министрі Үкімет басшысына Петропавл қаласының жылу магистральдары 95%-ке дайын екенін жеткізді. Ерлан Ақкенженовтың мәліметінше, Семей қаласындағы үш жобаның орындалуы 15 процентті құраса, жалпы дайындық жұмыстарының 70% орындалған. Степногорск қаласында., өткен аптада жылу магистралін жаңғырту деңгейі 24%, ал желінің жалпы дайындығы 76% жеткен.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Министр жаңа айтып өткендей, бірқатар өңірлерде жөндеу жұмыстары толық аяқталған жоқ. Аталған өңір әкімдері жылу беру мәселесін тікелей бақылауға алсын. Семей, Степногорск, Петропавл қалаларында жылу жүйесін іске қосуға баса назар аудару қажет.