Павлодарда тұрғын үйлерге жылу 28 қыркүйекте беріле бастайды

  • 4
  • 22.09.2026, 18:37

Павлодарда балабақша, мектеп пен медициналық мекемелерге жылу қыркүйектің 14-інен бастап берілді. Енді 28-ші қыркүйекте тұрғын үйлерді жылумен қамту басталады. Биыл жылу жүйелерін жөндеу жұмыстарына IT-технологиялар да енгізіліп жатыр. Павлодар жылу желілері, инженерлік инфрақұрылымның «цифрлық егізін» әзірлеуге кірісті. Жаңа жүйе жылумен қамтуға қатысты барлық негізгі көрсеткішті нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта бұл жоба толыққанды цифрлық платформаға айналады. Жүйе апат немесе ақау болған жағдайда орнын диспетчерлерге бірден көрсетіп, тұтынушыларға автоматты түрде хабарлама жібере алады.

Жанат Семенов, «Павлодар жылу желілері» жшс пайдалану жөніндегі бас инженері:

- Егер қысым немесе температура төмендеп, магистральдық желіде ақау пайда болса, диспетчерлік қызметке бірден хабарлама келеді. Экранда тиісті белгі көрсетіледі. Осылайша біз бригаданы  нақты қай жерге жіберу керектігін біліп отырамыз. Бұл тиісінше жылдам әрекет ету уақытын үнемдейді.