Ақмола облысында жыл басынан бері 150 мың гектардан астам жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Ұзақ мерзімге жалға алған шаруалар мен серіктестіктер жерді игермеген. Жайылым мен шабындықтар қараусыз қалған. Мысалы, Біржан сал ауданындағы мал шаруашылығымен айналысатын серіктестік көп жыл бойы жер телімін мақсатсыз пайдаланып келген.
Құны 492 миллион теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Енді жер заңды түрде айналымға ензіліп, кезекте тұрған ауылдықтар мен шаруаларға үлестіріледі.
Әл-Фараби Әлмағанбет, Ақмола облыстық прокуратурасы басқармасының аға прокуроры:
- Ағымдағы жылы облыс прокуратурасы органдары мен жер қатынастары саласында 20 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде аталған сала бойынша өрескел заңбұзушылықтар анықталып, мемлекет меншігіне жалпы құны 4 млрд 571 млн теңгені құрайтын жер телімдері қайтарылып, оған жол берген лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.