Еліміздің Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі inDrive сервисіне жол жүру құнының өсуіне байланысты ескерту жолдады. Бұған 11 қазанда «Яндекс Go» сервисінің уақытша қолжетімсіз болуы кезінде қызмет құнының қымбаттауы негіз болған. Сол кезде пайдаланушылар тарапынан inDrive қызметіне сұраныс айтарлықтай артқан.
БАҚ мәліметінше және әлеуметтік желідеге жазбаларға қарағанда, жекелеген жағдайларда сапар құны үш еседей өскен. Агенттік ахуалды саралай келе inDrive сервисіне ескерту жасау туралы шешім қабылдады. Мамандар: «Бұл – ықтимал құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған қадам», - дейді.
Айта кетейік, халықаралық тәжірибеде күтпеген мән-жайлар кезінде тарифтердің күрт өсуін тежеу тетіктері қолданылады.