ШҚО-да туристік инфрақұрылым жақсарды

  • 7
  • 13.10.2026, 18:38

Түркі әлемінің алтын бесігі саналатын Алтай өлкесіне сапарлайтын саяхатшылар қатары да артып келеді. Биылғы демалыс маусымында Шығыс Қазақстан облысындағы табиғаты көркем демалыс орындарына 400 мыңнан астам турист барған. Туристік инфрақұрылым дегенде, айрықша тоқталатын ауқымды жобаның бірі – Бұктырмадағы көпір. Президент тапсырмасымен салынған еліміздегі ең ұзын өткел Күршім, Зайсан, Марқақкөл бағытына барыс-келісті жеңілдетті.

Жақында Алтай ауданында Тереңсай асуын айналып өтетін тау ішіндегі ең биік көпір құрылысы да аяқталады. Бұған қоса Мемлекет басшысының нұсқауымен облыста екі  әуежай салынып жатыр. Демек туристер ағыны әлі де артады деген сөз. Сондай-ақ өлкеде этнофестиваль ұйымдастыру туристерді тартудың бір жолына айналды.

Сымбат Рамазанов, облыстық Кәсіпкерлер палатасы туризм бойынша кеңес төрағасы:

- Бұл бүкіл аймақты дамытуға, аймақты ақпараттандыруға айналған құрал десек те болады. Осындай іс-шараларды өткізу арқасында ол жаққа баратын жол жақсарады, тағы да бір инфрақұрылым салынады. Сондықтан мұндай іс-шаралардың арқасында біз мультипликативті әсерін де көріп жатырмыз. Соңғы жылдары туризм қарқынды дамып келеді деп ойлаймын.