Алматыда бірнеше адамды қасақана қаққан ағайындыларға қатысты сот үкімі шықты
Ағалы-інілілерге «бұзақылық» және «кісі өлтіруге оқталу» баптары бойынша айып тағылды. Ал соттың бұл шешімімен олардың туыстары мен қорғаушылары келіспей отыр. Еске салайық, Алматыда былтыр 26 тамызда түнгі уақытта бұл екі жігіт көліктерімен бірнеше адамды қаққан болатын. Абырой болғанда қаза болғандар жоқ. Көлік астында қалғандардың екеуі басынан жарақат алса, біреуінің аяғы сынған еді. Жандос Әлекеев оқиға болған күннің ертеңіне ұсталды, ал бой тасалап жүрген інісі Дінмұхаммед бір айдан соң қолға түсті. Олар кінәсін толық мойындады.
Қайрат Серікұлы, адвокат:
- Аталған соттың үкімімен біз келіспейміз. Міндетті түрде аппеляциялық шағым беретін боламыз. Қорғаушылардың ойынша, Әлекеев Дінмұхамед Көпбосынұлының іс әрекетінде 99-баптың қылмыс құрамы жоқ. Яғни прокуратура іс әрекетін дұрыс емес саралаған. Сонымен қоса біздің ойымызша Әлекеев Жандос Көпбосынұлының іс әрекетінде бұзақылық бойынша ешқандай қылмыс құрамы жоқ.