Алматы облысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 37 жоба жүзеге асады
Атап айтар болсақ, мектептер, ауруханалар, ауыл ішіндегі жолдар мен су құбырлары жөнделіп, көшелер мен саябақтар абаттандырылады. Өткен жылы мұндай жұмыстар өңірдегі 7 ауданда жүргізілді. Нәтижесінде 6 млрд теңге игеріліп, барлығы 45 жоба жүзеге асты.
Гүлмира Уәлбаева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:
- 2019 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында білім саласында бір мектептің күрделі жөндеуі және 5 білім нысанының ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді. Сонымен қатар 2020 жылы 3 білім нысанының күрделі жөндеу жұмыстарына 1,7 млрд теңге қаржы бөлініп отыр.