Хабар телеарнасы

Мектепке дейінгі мекемеде роботты техника кабинеті ашылды

Өскеменде осымен үшінші мектепке дейінгі мекемеде роботты техника кабинеті ашылды. Айта кету керек, бүгінгі күні облыста 655 мектеп ақпараттық технология сыныптарымен жабдықталған. Мектепке дейінгі мекемелер де олардан қалысар емес. Ересек топ бүлдіршіндері бұл жерге аптасына 1 рет келіп, дарындарын жетілдіреді. Аталған құрылғылар олардың жасына сай жеңіл тапсырмалармен жұмыс істейді.

Лунара Қайратқанова, №9 балабақша-бөбекжайының әдіскері:

- Балалар сондай қызығушылықпен, белсенділікпен ойнауда. Әсіресе роботтар жарысқа түскен кезде балалар бір-бірімен жарысып, белсенділіктерін жоғары деңгейде көрсетуде.